«Азық – түлік корпорациясы» ұлттық компаниясы тексерілді

15 Маусым 2023, 05:37 872

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Азық – түлік корпорациясы» ҰК» АҚ қатысты тергеу қорытындылары бойынша монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Акционерлік қоғамның ауыл шаруашылығы өнімін форвардтық сатып алуы форвардтық сатып алуды жүзеге асырудың жалпы Ережелерін, негізгі шарттары мен тетіктерін айқындайтын жыл сайын бекітілетін қағидалар негізінде жүзеге асырылады.

Мәселен, 2022 жылға арналған Ережеде алдын ала төлемді қаржыландыру (есептеу) жеткізушілер санатына байланысты, мысалы, жаңа қатысушылар үшін қаржылық қолдау көлемі қолданыстағы қатысушыларға қарағанда төмен болған.

Демек, жекелеген ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін артықшылықтар жасалған, осылайша бастапқы кезеңде-ақ нарық субъектілері тең мүмкіндіктерге қол жеткізу құқығынан айырылған.

Мұндай актілерді қабылдауға Кәсіпкерлік кодекстің 194-бабына сәйкес тыйым салынған және ол жарамсыз деп танылады.

Бүгінгі күні Акционерлік қоғамға жолданған ұйғарым орындалды. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қаражатты бөлу кезінде кемсітушілікті жою және мемлекеттік қолдау шараларына тең деңгейде қолжетімді ету үшін 2024 жылға арналған Ережелеріне тиісті өзгерістер енгізілетін болады.

«Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ Азық-түлік астығының резервтік қорын сандық-сапалық сақтау, ішкі астық нарығын тұрақтандыру және экспортты дамыту, оның ішінде мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі бойынша елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

Берік Арманов
Бөлісу: