«Азу тісті» Бозжыра шатқалы

27 Қазан 2020, 15:26 20695

Қазақстанның көрікті жерлері 

2014 жылы айналымға жаңа дизайнмен шыққан 1000 теңгелік банкноттың сыртындағы көркем тау бейнесіне тағы бір мәрте назар салыңызшы. Бұл Маңғыстаудың төрінде орналасқан Бекет ата мешітіне барар жолдағы Бозжыра шатқалы. Оның кереметі кез-келген адамды таңқалдырмай қоймайды. Әсіресе, тауға өрмелеумен айналысатын альпинистер мен өлкені тануға ұмтылған саяхатшылар бұл ерекше мекенді міндетті түрде көрулері керек. Бозжыраның сұлулығы Қазақстанның өзге жерлерінде еш қайталанбайды, ал күннің шұғыласы тау төбесіне көтеріліп, ойнақ салған уақытта, тау төрткілдері құбыла түсіп, түрлі түске енеді. Оның ерекшелігі де осында. Бұл ғажайып мекен ғалымдардың айтуынша, бірнеше миллиондаған жылдар бұрын тау түзілімдерінің бұзуылуынан пайда болған. Жалпы жер бедерін зерттеуші мамандар, таудың түзілуінің үш түрін бөліп атайды: химиялық, биологиялық және органикалық. Ал Бозжыра шатқалы осы үш түзілудің қосындысынан пайда болған ғаламат. Бұл табиғи ескерткіш Қазақстанның киелі жерлері картасына енген.


Босжыра шатқалы - Қазақстанның ең әдемі жерлерінің бірі, ол әртүрлі көлемдегі және пішіндегі тау жыныстарынан қалыптасып, тұтас бір жотаны құрайды. Маңғышлақ түбегіндегі Үстірттің батыс бөлігіндегі үлкен каньонның түбінде орналасқан. Онымен аттас тау да осы жерде орналасқан, оның биіктігі 287 метрге жетеді.

Бұл жерлердегі кейбір тау жыныстары ежелгі бекіністерге ұқсайды. Жаңаөзен қаласынан Босжыраға дейінгі қашықтық шамамен 150 километрді құрайды, ал Ақтаудан баратын болсаңыз — 300 километрге жуық.

Босжыра шатқалы-Үстірттің батыс шыңының шетіндегі тау жотасы. Ол ең үлкен каньонның түбінде орналасқан.

Шатқал үлкен аумақты алып жатыр, онымен танысу үшін бір күннен астам уақыт кетеді.

Шатқалдың солтүстік жағы теңіз деңгейінен 268 метр биіктіктегі Жосалы төбесімен шектеседі. Босжыра шатқалының оңтүстік-батыс жағы Байсары шатқалымен шектеседі. Шатқалдың батысынан табиғи шекарасы Үстірттің батыс шеті, оңтүстік жағында құмтас орналасқан.

Шатқалдың оңтүстік-шығыс бөлігінде теңіз деңгейінен 287 метр биіктікте Босжыра тауы орналасқан.


Маңғыстауға табаны тиген аймақ қонақтары мен туристер Бозжыраға ат басын бұрмай кетпейді. Әрі бұл мекен облыстың символына айналған.

Бозжыра Үстірт аумағында орналасқан. Шетелдік туристер бұл жерге «Қазақстанның ескерткіштер қорғаны» деп ат қойып, айдар тағыпты.  

Бозжыра шатқалына жеткен уақытта көз алдыңызда әсем пейзажды табиғат жаратылысы миллиондаған жылдар бойы ішіне бүгіп жатқан өз құпиясын аша түскендей болады. Бозжыра шатқалы орналасқан аумақ біздің дәуірімізге дейінгі бірнеше мыңжылдықтардың куәсі болған. Бұл мезозой дәуірінде ежелгі Тетис мұхитының бас бермес асау толқындары жағаға соғып жатқан жер болған. Оның бүгінгі күнге жеткен белгілері ретінде шатқалдың әр тұсында қалған қаңылтыр ұлу қабықтарын, акулалардың тістерін аңғаруға болады. Осы мекенді аралап жүріп, өзіңді аңыз-әңгімелердегі сол ежелгі дәуірдің кейіпкері іспетті сезінесің.

Бозжыра шатқалы 10 миллион жыл бұрын Тетис ежелгі мұхитының табанындағы әктас шөгінділерінің көтерілуінен, мұхиттың тартылуынан пайда болған. Кейін жер бетінде климаттың өзгеруі, ылғалды мұхит ауасының құрғақ желмен ауысуы бұл даланы аңызақ шөлге айналдырды. Ал мұхит орнындағы әктас шөгінділер табиғи апаттардың әсерінен біртіндеп қирай бастайды. Кейін бұл жерде ғажайып рельефті тау жынысы пайда болады.

Тарихтан ежелгі Тетис мұхитының Еуразия мен Ресей аумақтарын алып жатқаны белгілі, ол екі континент Гондван мен Лавразияны қақ бөліп жатты. Тетис мұхитының дәурені осыдан бес миллион жыл бұрын аяқталды деп есептеледі.

«Бозжыраның азу тістері» деп аталатын жерді көріп пе едіңіз?! Бозжыраға аяқ басқан сахатшыларды бірінші кезекте осы соқадай болып шошайған «азу тістер» күтіп алады. Бұл биіктігі 200 метрге жететін, бор үйіндісінен көтерілген әктас шыңдар. Бұл алқап үш жағынан табиғи амфитеатрмен қоршалған. Мұнда бәрі ақ: каньондар, шыңдар, мұнара таулар, бәрі-бәрі. Бозжыра тау тізбектері хамелеондар сияқты, оларды айналған сайын сыртқы түрін өзгерте береді.

Бұл жер әсіресе, шытырманды фильм түсіру үшін таптырмайтын түсірілім алаңы бола алады. Кейбір шоу-бизнес өкілдері осы Бозжыраға келіп, әндеріне бейнебаян түсіріп та жатады.


Бозжыраға жету жолы аса оңай емес. Бірақ, жол қиындығына қарамастан, жыл сайын Бозжыраға келушілердің саны азаяр емес. Тіпті бұл жердің кереметін ғаламтор арқылы таныған шетелдіктер де аңыз орынды бір көріп кету үшін, алыстан ат терлетіп жетіп жатады.

Бозжыраның бұл атауға қалай және қай уақытта ие болғаны белгісіз. Бұл ғажайып алқапта күн сәулесінің түсуінің өзі ерекше.

Ғалымдардың айтуынша, тіпті ежелгі уақытта шатқал орыны тегіс далалық болғанға ұқсайды. Және мұнда жылқылардың арғы аталары гиппариондар, сойдақ тісті жолбарыстар - махайродтар өмір сүрген. Кейін бұл жер гепардтардың, барыстардың, жабайы мысықтардың мекеніне айналады. Бірақ жер бетіндегі климаттың өзгеруі оларың миграциясы мен түбегейлі жойылуына алып келді. Климаттың өзгеруімен бірге өзендер құрғады, ал Бозжыра алқабында тек мыңжылдықтарға мүлгіген жартастар мен шатқалдар ғана қалды.

Шатқалдың барлық жартастары дерлік құмтас пен бор қабаттарынан түзілген.

Олардың бүгінгідей ерекше қалыптасуына жауын-шашын, аңызақ жел мен күн әсер етті.  Таудың мыңжылдықтарда белгілі көлемге дейін шөккені айтылады.

Зерттеушілер ендігі бес мың жылдықта Бозжыра жартастарының жойылып, айтарлықтай өзгеріске ұшырауы мүмкін екенін де болжап отыр.

Бозжыра шатқалы 1984 жылы құрылған Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының құрамына кіреді.

Бір қызығы, мұнда киіз үй, сүңгуір қайық, қамал секілді халық пошымына қарап атау берген түрлі таулар бар.


Босжыра Маңғышлақтағы Бекет ата жерасты мешітінен небәрі 20 шақырым жерде орналасқан. Сол қашықтықта, бірақ басқа бағытта Боқты тауы бар. Ол жарықтан қараңғыға ауысатын түрлі-түсті тау жыныстарынан тұрады. Ал күн батқан кезде бұл тау шоқылары мүлдем басқа көрініске ие болады.

Юозжыра шатқалының түбі құмды және тасты сортаңдар мен тақырлардан тұрады. Климаттың тіршілік етуге қолайсыздығына қарамастан, мұнда табиғат қуаңшылығына шыдамды өсімдіктер өседі. Босжыра шатқалындағы көзге түсетін  ең әдемі өсімдік, бұл - шөлде өмір сүруге бейімделген гиацинттердің (күлгін гүлдердің) ерекше түрі. Олардың ерекшелігі сонда, бұл өсімдік түрі құрғақ, тасты жерде гүлдейді. Сондай-ақ, мұнда сіз құмды акацияның және шырынды, жапырақсыз анабазаның бірнеше түрін таба аласыз.


Жәндіктерден кесірткелер, шаяндар мен тасбақалар жиі кездеседі. Айтпақшы, кесірткелер өмір сүру ортасына қарай тастың, тауды, шөптің түстеріне байланысты түстерін әралуан етіп өзгертіп отырады.

Маңғышлақтың қысы қатты, сондықтан Босжыраға жаздың жайма шуағында баруға кеңес беріледі.  Алайда, жаз кездерінде ауа температурасы көтеріліп, ерекше ыстық болады. Күндізгі жан шыдатпас ыстық, кеш түсе бірден салқындықпен ауысады. Сондықтан, мұнда демалуға келушілер кешкілік суыққа ұрынып қалмас үшін қалың киім алып келгені абзал. Мұндағы ауа-райының тағы бір қолайсыздығы – қатты жел жиі соғады.


Тарихшылар мен зерттеушілер бұл жерлерден көш жолын таппағанын айтады. Шөлді аймақтың өмір сүруге қолайсыздығына байланысты, Бозжыра аумағына ешқашан ел қонбаған деген де болжам бар.

 


Нұргүл Қалиева
Бөлісу: