3 Сәуір 2015, 07:54
«ҚАЗКА» Қазақстан кәсіпкерлері қауымдастығы «Сенің дауысың – сенің болашағың!» атты жалпыреспубликалық постерлер байқауының қатысушыларын марапаттау мақсатында өз номинацияларын белгілеп отыр. Қауымдастық конкурстың 3 қатысуышысын таңдап, оларды құнды сыйлықтармен марапаттамақ.
«Біз, «ҚАЗКА» Қазақстан Кәсіпкерлері Қауымдастығы 2015 жылдың 26 сәуірінде өтетін президент сайлауына арналған «Сенің дауысың – сенің болашағың!» атты плакаттар байқауын қолдаймыз. 26 сәуір барша қазақстандықтар үшін маңызды күн болып саналып, еліміздің тарихына кіретін күн. Республикалық плакаттар байқауының бастамасын қолдай отырып, сондай-ақ біздің отандастырымыздың шығармашылық және идеялық әлеуетін іске асыру үшін «КАЗКА» ең үздік плакат бойынша жүлделі орындар жариялайды», - дейді А.Баймахан.
«ҚАЗКА» Қазақстан кәсіпкерлері қауымдастығы 2006 жылы бір топ іскер азаматтың бастамасымен құрылған. Ол шағын және орта бизнестің тұғырнамасы болып, ел кәсіпкерлігінің дамуына үлес қосу мақсатымен құрылған коммерциялық емес ұйым. Сондай-ақ шетелдік бизнесмендермен экономикалық, сауда және іскерлік қарым-қатынастарын дамытуға арналған алаң.
9 жылдық тәжірибе нәтижесінде «ҚАЗКА» Қазақстан кәсіпкерлері қауымдастығы өзін сенімді серіктестер мекені мен мемлекеттік мекемелермен сындарлы диалог алаңы ретінде көрсете білді.
2006-2014 жыл аралығында біз 458 іс-шара ұйымдастырдық, 28 430 кәсіпкер қатысты. Тек 2014 жылы ұйымдастырылған 100-ден астам іс-шараға 5000-ға жуық кәсіпкер қатысты. 280-нен астам кәсіпкер Үндістан, АҚШ, Түркия, Өзбекстан, Ресей, Қытай елдеріне іс-сапарлармен барып келген. Осылайша, қауымдастық әлемдік бизнес жүргізу әдістері мен сәтті тәжірибенің отандық кәсіпкерлеріміздің қолдануына өз үлесін қосып келеді.
Естеріңізге сала кетейік, 17 наурызда басталған постер байқауы 20 сәуірге дейін жалғасады.
Әділқазылар алқасының төрағасы Байтұрсын Өмірбеков конкурсты визуалды формада өткізудің себебі туралы айтып берді: «Плакат тілі түсінікті әрі өте қарапайым. Бейнелеу өнеріне аз да болса бүйрегі бұратын әрбір адам ойындағыны үнемі қағазға сызуға тырысады. Оның үстіне бұл байқауға әрбір адам қатыса алады. Президент сайлауы біздің болашығымызды, барша халық пен мемлекеттің өмірін анықтау. Еліміздің шалғай ауылдарында тұратын жастар да өтінім беріп, жеңімпаз атана алады».
Байқауға жұмыстар көлемі 5 Мбайттан аспайтын JPEG, PNG, PDF, BMP форматтарында қабылданады.
Конкурс жайында қосымша сауалдарды news@el.kz электрондық поштасына немесе Орынбор көшесі, 8 үй, Министрліктер үйі, 3 кіреберіс мекен-жайында орналасқан «Қазконтент» АҚ кеңсесіне жолдауға болады. Сонымен қатар, қажетті мағлұматтарды +7 (7172) 798206, +7 7018889663, +77012150091 байланыс нөмірлері арқылы алуға болады.
Диана ҚҰЛМАҒАНБЕТОВА, Видео – Әлішер Әбдікәрімов