Азия чемпионатында ауыр атлетикадан қазақстандық жастар үшінші алтын алды

21 Шілде 2022, 20:46 2154

Азия чемпионаты 25 шілдеде мәресіне жетеді

Қазақстандық Денис Полубояринов 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Азия чемпионы атанды, – деп хабарлайды El.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Құрлықтық додада ол 81 келіде сынға түсті. Нәтижесінде қоссайыстың қорытындысымен 313 келі (140+173) салмақты бағындырды.
Дереккөздің мәліметінше, енді ол 22 шілдеде 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында бақ сынайды.
Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасынан Едіге Емберді (73 келі) пен Әлішер Байбуров (67 келі) алтын алды.Сондай-ақ, Аружан Дәулетова (71 келі) күміс медальға қол жеткізді. Ал Ерасыл Омаров (55 келі) пен Азамат Төлген (61 келі) қола жүлдегер атанды. Айта кетсек, құрлықтық дода Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатыр. Онда 13-17, 15-20 жас аралығында жүлделер сарапқа салынады. Сондықтан кейбір спортшылар екеуінде де сынға түседі.
Құрлықтық додаға ұлдардан 13, қыздардан 9 ауыр атлет барды. Азия чемпионаты 25 шілдеде мәресіне жетеді.

Бөлісу: