Азия жоғары аудит органдары ұйымы экологиялық аудит жөніндегі жұмыс тобының ІХ отырысы басталды

23 Тамыз 2023, 10:34 1143

Астанада Азия жоғары аудит органдары ұйымы экологиялық аудит жөніндегі жұмыс тобының ІХ отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасы ұйымдастырды. Отырысқа қатысуға 16 шет елдің жоғары аудит органдарының өкілдері келді.

Ашылу салтанатында Қазақстан ЖАО төрағасы Наталья Годунова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы жолдауында 2060 жылға қарай көміртегінен арылу міндетін жүктегенін атап өтті.

Қазақстан 2030 жылға қарай жарқын болашаққа қол жеткізу үшін 17 міндеттен тұратын БҰҰ қойған мақсаттарды берік ұстанады. Бұл мақсаттар ауқымды экологиялық мәселелерді қамтиды. Оның ішіне климаттың өзгеруіне қарсы шаралар, жерді тұрақты пайдалану жұмысы қарастырылады, - деді ол.

Ал Қытай ЖАО бас аудиторының орынбасары Ли Фэн бүгінгі кездесуде өзге аудит органдарының өкілдерімен жолыққанына ризашылығын білдірді.

2019 жылдан бері АЗОСАИ офлайн кездесуді алғаш рет ұйымдастырды. Сіздермен бүгін кездесіп отырғаныма өте қуаныштымын. Қытай ең ірі дамушы ел ретінде адамзат үшін ортақ болашағы бар қауымдастық құруға әрқашан дайын, - деді Ли Фен.

Іс-шара аясында қоршаған ортаны қорғау, ауыз су қауіпсіздігі мәселелері, сондай-ақ жаңа бірлескен аудиттер мен зерттеулерді жүргізу туралы ұсыныстар талқыланатын болады.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: