Азия ойындары: мерген қыздарымыз бір алтын және бір күміс медаль иеленді

28 Қыркүйек 2023, 12:08 2109

18 жастағы Зухра Иранзарова Азия ойындарында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан аламанда жерлесіміз 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысананы дәл көздеу сынында үздік шықты.

1-орын: Зухра Ирназарова — 560 ұпай
2-орын: Жие Ри — 554 ұпай
3-орын: Оксим Паек — 551 ұпай
...6-орын: Фатима Ирназарова — 541 ұпай
7-орын: Александра Садуақасова — 541 ұпай

Сонымен қатар командалық сында қыздарымыз күміс жүлдеге қол жеткізді.

Командалық сында бақ сынаған құрам:

Зухра Ирназарова

Фатима Ирназарова

Александра Садуакасова.

Бұл ақпараттың жарық көруіне қолдау жасаған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ

Алмас Абылай
Бөлісу: