Туризм және спорт министрлігі қазақстандық спортшылардың Азиададағы кезекті жарыс күнінің нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шорт-трек (ерлер мен әйелдер)
1500 м
Шорт-тректен әйелдер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары 1500 метр қашықтықта жартылай финалға шықты.
Ольга Тихонова ширек финалда бірінші орынмен, Алина Ажғалиева мен Мадина Жанбусинова үшінші орынмен жартылай финалға жолдама алд.
Жартылай финалдық жарыстар 8 ақпанда өтеді.
1500 м
Денис Никиша, Глеб Ивченко және Әділ Ғалиахметов 1500 метр қашықтықта жартылай финалға шықты. Жартылай финалдық жарыстар 8 ақпанда өтеді.
500 м әйелдер
Зейнеп Құмарқан, Яна Хан және Малика Ермек іріктеуден сәтті өтті. Олар енді 8 ақпанда ширек финалда сынға түседі.
500 м ерлер
Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша және Мерсаид Жақсыбаев ширек финалға жолдама алды. Ширек финалдық жарыстар 8 ақпанда өтеді.
1000 м әйелдер
Шорт-тректен 1000 метр қашықтықта Ольга Тихонова мен Малика Ермек, Алина Әжіғалиева ширек финалға шықты. 1/4 сайыстары 9 ақпанға жоспарланған.
1000 м ерлер
Әділ Ғалиахметов, Глеб Ивченко және Айбек Насен іріктеуде сәтті өнер көрсетіп, ширек финалға шықты.
2000 м аралас команда
Қазақстан құрамасы 2000 метрлік аралас эстафетаның финалына жолдама алды. Финал 8 ақпанда өтеді.
Шайбалы хоккей (ерлер)
Қазақстан құрамасы Тайбэй хоккейшілерін 17:0 есебімен жеңді.