11 ақпанда Азия ойындарының кезекті жарыс күні өтеді. Биатлоншылар мен мәнерлеп сырғанаушылар жүлдеге таласады. Осы орайда Қазақстан спортшыларының жарыс кестесін назарларыңызға ұсынамыз, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Спорт түрі: Керлинг. Әйелдер. Топтық кезең
Кездесу: Қазақстан – Филиппин, Қазақстан – Қатар
Басталуы: 06:00; 16:00
Спорт түрі: Керлинг. Ерлер. Топтық кезең
Кездесу: Қазақстан – Оңтүстік Корея
Басталуы: 11:00
Спорт түрі: Биатлон, ерлер мен әйелдер. Спринт
Қатысушылар: Дарья Климина, Ольга Полторанина, Полина Егорова, Арина Крюкова, Әсет Дүйсенов, Владислав Киреев, Вадим Куралес, Александр Мухин
Басталуы: 07:00; 10:00
Спорт түрі: Фристайл-акробатика, синхронды секіру
Қатысушылар: Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамалары
Басталуы: 08:00
Спорт түрі: Конькимен жүгіру спорты, ерлер мен әйелдер. 1000 метр, командалық жарыс
Қатысушылар: Роман Биназаров, Никита Важенин, Артур Галиев, Алтай Жәрдембекұлы, Дарья Важенина, Инесса Шумекова, Арина Ильященко, Надежда Морозова
Басталуы: 09:00
Спорт түрі: Мәнерлеп сырғанау, жеке сырғанау (ерлер), мұздағы би. Қысқа бағдарлама
Қатысушылар: Михаил Шайдоров, Диас Жиренбаев, Гаухар Наурызова, Бойсангур Датиев
Басталуы: 11:00; 14:00
Спорт түрі: Шайбалы хоккей, ерлер. 1/4 финал
Кездесу: Қазақстан – Гонконг
Басталуы: 13:00