Жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы мəреге бірінші келіп, жеңімпаз атанды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.
Андрей Соколов, Эльнор Мухитдинов, Вячеслав Земс пен Михаил Литвин 3:09.15 секунд нәтижесімен ел рекордын тіркеді.
Күміс жүлде Қатар команадасыда (3:09.26), қола Тәжікстан құрамасына бұйырды.
Қазір Ұлттық құрама қоржынында 4 алтын, 3 күміс пен 2 қола бар.