Азия чемпионатында ел қоржынына үшінші алтын түсті

11 Қараша 2022, 18:00 1186

Иордания астанасы Амман қаласында бокстан Азия чемпионаты өтіп жатыр

Иордания астанасы Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Карина Ибрагимова жеңімпаз атанды, деп хабарлайды El.kz

Әлем чемпионатының қола жүлдегері Карина Ибрагимова 57 келіге дейінгі салмақта Токио олимпиадасының жеңімпазы, жапониялық Ирие Сенамен жұдырықтасты.

Әйелдер арасында қазақстандықтардан финалға бірінші болып 48 келіге дейінгі салмақта Алуа Балқыбекова шығуы керек еді. Алайда қарсыласы жарақат алып қалғандықтан, жеңіс Алуаға берілді. Сөйтіп әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Алуа Балқыбекова ресми түрде екі мәрте Азия чемпионы атанды.

Ұлттық құрамадағы тәжірибелі боксшылардың бірі, Азия чемпионы, Азия ойындарының күміс жүлдегері Жайна Шекербекова 54 келіге дейінгі салмақта тайландтық Джутамас Джитпонгпен алтын жүлдені сарапқа салды. Төрешілер бір ауыздан жеңісті Жайнаға берді.

EL.KZ
Бөлісу: