Азия чемпионатына қатысатын қазақстандық балуандар белгілі болды

20 Наурыз, 21:05 446

25-30 наурыз аралығында Иордания астанасында күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтеді. Қазақстан құрамасының спортшылары барлық салмақ дәрежелерінде жүлдеге таласатын болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Спортты дамыту дирекциясы ел намысын қорғайтын спортшылар тізімін жариялады.

Грек-рим күресі:

55 келі – Ербол Камалиев;
60 келі – Бақытжан Қабдыл;
63 келі – Сұлтан Әсетұлы;
67 келі – Мейіржан Шермаханбет;
72 келі – Әділхан Сатаев;
77 келі – Ибрагим Магомадов;
82 келі – Омар Сатаев;
87 келі – Шамиль Ожаев;
97 келі – Ілияс Гучигов;
130 келі – Әлімхан Сыздықов.

Әйелдер күресі:

50 келі – Светлана Анкичева;
53 келі – Зейнеп Баянова;
55 келі – Зүлфия Яхьярова;
57 келі – Нилуфар Раимова;
59 келі – Гүлдана Бекеш;
62 келі – Тыныс Дүбек;
65 келі – Гаухар Мұқатай;
68 келі – Ирина Казюлина;
72 келі – Жамила Бақбергенова;
76 келі – Эльмира Сыздықова.

Еркін күрес:

57 келі – Рахат Қалжан;
61 келі – Мұхамед Балғабай;
65 келі – Нұрсұлтан Садық;
70 келі – Начын Куулар;
74 келі – Нұрқожа Қайпанов;
79 келі – Дәулет Ергеш;
86 келі – Болат Сақаев;
92 келі – Азамат Дәулетбеков;
97 келі – Ризабек Айтмұхан;
125 келі – Нұрсұлтан Азов.

Айта кетсек, өткен жылы Бішкекте өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 2 алтын, 4 күміс  және 6 қола медаль жеңіп алған болатын.

Асқар Таудай
Бөлісу: