Азия чемпионаты: жеңіл атлеттеріміз бір алтын, бір күміс медаль еншіледі

13 Шілде 2023, 18:35 856

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы биіктікке секіруден (әйелдер арасында) Азия чемпионатында екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жерлестеріміздің арасынан Кристина Овчинникова жеңімпаз атанды. Ол 186 сантиметрді бағындырды. Тағы бір қазақстандық Елизавета Матвеева күміс медаль еншіледі. Оның да үздік көрсеткіші 186 сантиметр, бірақ бұл нәтижеге жету үшін ол көбірек мүмкіндік жұмсады. Үшінші орынға өзбекстандық Светлана Радзивил жайғасты – 183 сантиметр.

Оқи отырыңыз:

Осылайша, Қазақстан командасының қоржынында үш медаль бар. Бұған дейін Шедрак Коеч Кимутай (10000 метр) екінші болды.

Азия біріншілігі Бангкокта (Таиланд) өтіп жатыр.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: