Азия чемпионаты: Су добынан қазақстандықтар қола жүлде алды

15 Қараша 2022, 02:20 1555

Еліміздің әйелдер құрамасы 3-орын үшін ойында Таиландты 14:5 есебімен тізе бүктірді

Су добынан Азия чемпионатында Қазақстан ерлер және әйелдер құрамалары қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды El.kz.

Таиландтың Самутпракан қаласында өткен құрлықтық додада еліміздің ерлер құрамасы бүгін, 14 қарашада 3-орын үшін кездесуде Ираннан 8:5 есебімен басым түсті.

Топтық кезеңде А тобында сынға түскен ел құрамасы Оңтүстік Кореяны 6:5, Таиландты 15:4, Үндістанды 17:4 есебімен жеңсе, Иранға 10:11 есебімен есе жіберді.

Ширек финалда Сингапурды 18:8 есебімен қапы қалдырса, жартылай финалда Жапонияға 4:20 есебімен жол берді.

Еліміздің ерлер құрамасы Азия чемпионатында 2012 жылы чемпион атанса, 2009 жылы күміс, 2015 жылы қола медаль алды.

Ал еліміздің әйелдер құрамасы 3-орын үшін ойында Таиландты 14:5 есебімен тізе бүктірді.

EL.KZ
Бөлісу: