Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына екі алтын медаль түсті

10 Желтоқсан, 14:44 365

Бокстан Тайландта өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына екі алтын медаль түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

60 келіге дейінгі салмақта Виктория Графеева финалда қытайлық Ли Циангтан айласын асырды. Есеп – 5:0.Қазақстандық боксшы финалға дейінгі екі қарсыласын да техникалық нокаутпен жеңіп шыққан болатын. 

Сонымен қатар, 63 келіге дейінгі салмақта Аида Әбікеева Азия чемпионы атанды. Отандасымыз финалды Вьетнам елінің боксшысы Ха Тхи Лингтан басым болып шықты. Есеп – 5:0.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: