Азия чемпионаты: Қазақстан әйелдер құрамасының бес боксшысы финалға шықты

8 Желтоқсан, 02:01 813

Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасының бес боксшысы финалға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Біздің спортшылар жартылай финалда тоғыз жекпе-жек өткізді.

-60 келіге дейін: Виктория Графеева таиландтық боксшы Порнтипу Буапуды мерзімінен бұрын жеңіп, финалға жолдама алды.

-63 келіге дейін: Аида Әбікеева жартылай финалда таиландтық боксшы Тханань Сомнуекті жеңді.

-70 келіге дейін: Наталья Богданова украиналық Анастасия Черноколенконы 5:0 есебімен жеңіп, финалға шықты.

-81 келіге дейін: Гүлсая Ержан өзбекстандық Сохиба Рузметованы жеңіп, финалға өтті.

Қалған бес кездесуде біздің спортшылар қарсыластарынан жеңіліп, қола медальді қанағат тұтты:

-48 келіге дейін: Әйгерім Сәттібаева Өзбекстаннан барған Фарзона Фазиловаға жол берді.

-52 келіге дейін: Жазира Орақбаева өзбекстандық Феруза Қазақоваға есе жіберді.

-57 келіге дейін: Ұлжан Сәрсенбек тай боксшысы Пунрави Руенростан жеңілді.

-66 келіге дейін: Милана Сафронова өзбекстандық Навбахор Хамидоваға жол берді.

-75 келіге дейін: Диана Мағауияева қытайлық Лина Ванға мерзімінен бұрын жеңілді.

Сонымен қатар 81 келіден жоғары салмақта Елдана Тәліпова, Азия чемпионатында бірден финалда өнер көрсететінін атап өткен жөн.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында бес қола медаль бар және бес спортшы финалға шықты.

Перизат Саденова
Бөлісу: