Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан Азия чемпионатының ширек финалдық жекпе-жектері жалғасып жатыр. Боксшы Оразбек Асылқұлов жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жерлесіміз ширек финалда тай боксшысы Чуджан-Ат Пануватты жеңді. Финалда моңғол боксшысы Гантумур Лундамен жұдырықтасады.
Жартылай финалға жолдама алу үшін келесі спортшылар күш сынасады:
-60 келі: Бейбарыс Жексен - Акмал Убайдов (Тәжікстан)
-80 келі: Ерасыл Жақпеков - Сағын Сатыбалдыуулу (Қырғызстан)
-52 келі: Жазира Ұрақбаева - Ютин Луо (Тайбэй)
-57 келі: Ұлжан Сәрсенбек - Тран Нгуен (Вьетнам)
60 келі: Виктория Графеева - Чен Е (Тайбэй)