Қазақстан әйелдер құрамасы гандболдан Нью-Делиде өтіп жатқан Азия чемпионатының топтық кезеңін сәтті аяқтады, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Естеріңізге сала кетейік, топтық кезеңнің соңғы ойынында отандастарымыз Сингапурды ойсырата жеңді. Ал топтағы екінші матчта Оңтүстік Корея Қытай құрамасына еш мүмкіндік бермеді. Нәтижесінде, кореялықтар алты ұпай жинап, бірінші орынмен жартылай финалға өтті. Қазақстан құрамасы төрт ұпаймен екінші орын алып, жартылай финалға жолдама алды.
8 желтоқсанда біздің құрама финалға шығу үшін Жапониямен ойнайды. Оңтүстік Корея жартылай финалда Иранмен кездеседі. Ал Қытай мен Сингапур 5-8 орындар үшін матчтар өткізеді.