«Азия балалары»: қазақстандық дзюдошы жеңімпаз атанды

3 Шілде, 03:20 1054

Дзюдошымыз Әмина Файзулина VIII жазғы «Азия балалары» ойындарында 70 кг салмақта чемпион атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, аса тартысты өткен финалда ол өзбекстандық қарсыласын ұтты. Екі спортшы қосымша уақытты қосқанда (golden score) 10 минут күресті. Бұл біз үшін спорттың осы түріндегі 5-алтын медаль.

Осыдан кейін финалда Әділхан Жаудинов (+90 кг) қарсыласына жол берді. Ал Батырхан Тоқтар (-90 кг) қола жүлдеге қол жеткізді.

Біздің дзюдошылар VIII жазғы «Азия балалары» ойындарына барлық 17 салмақта спортшы алып келіп, 5 алтын, 2 күміс, 5 қола медальмен командалық есепте 2-орын алды.

Зарина Арман
Бөлісу: