29 Наурыз 2016, 08:31
Стивен Спилберг
Режиссер, продюсер, Оскар сыйлығының лауреаты, Американың ең бай адамдарының бірі.
Шығармашылық жолында Стивен Спилберг Оскар мен Алтын Глобус сыйлығын бірнеше рет алды. Ол түсірген туындылар кинотеатрларда ең көп қаражат жинаған фильм ретінде тіркеліп, миллиондаған долллар табыс әкелді. Дегенмен, ол үшін сыйлы жүлделер мен үлкен табыс оның еңбегінің көрсеткіші емес. Empire журналы Стивен Спилбергті кино тарихындағы ең үздік режиссер деп бағалады.
«— Жақсы фильм түсіру өте қиын! Көрерменнің көңілінен шығатын фильм түсіру өте оңай. Алайда, көрерменнің көңілінен шығатын жақсы фильмдерді жыл сайын түсіріу — Индиан Джонс іздеген Киелі Граальді иемденумен тең», - дейді Стивен Спилберг.
Үздік туындыларын мына сілтемеден көре аласыз
Мартин Скорсезе
Америкалық режиссер, актер, продюсер және сценарист. Оскар сыйлығының лауреаты.
Paste журналының жүргізген сауалнамасы бойынша АҚШ халқының басым көпшілігі Матин Скорсезені ең үздік режиссер санайды. Ал кино әлемінде бұл адамды «атыс-шабыстың қас шебері» деп есептейді. Өйткені, оның туындыларында зорлық-зомбылық өте көп.
Мартин өзінің ең алғаш фильмінде және ондан кейінгі бірнеше сәтті туындыларында өзінің ата-анасын актер ретінде киноға түсірген.
Үздік туындыларын мына сілтемеден көре аласыз
Квентин Тарантино
Кинорежиссер, сценарист, кинооператор, актер және кинопродюсер. Туындыларында постмодернизмді ұстанушы бірден-бір режиссер.
Квентин Тарантино өзінің саналы ғұмырының барлығын киноға арнап келеді. Тоғызыншы сыныптан кейін мектепке барудан бас тартқан ол — видеокассеталарды жалға беретін дүкенге жұмысқа орналасады. Достарының айтуынша оның көрмеген фильмі жоқ. «Егер түн ортасында оны оятып бір фильм жайлы сұрасаң, ол еш мүдірместен сізге оқиға желісін толықтай айтып береді», - деп қалжыңдайды достары.
Квентин Тарантиноның туындылары оқиға желісің ерекшелігімен және атыс-шабыс, өлім сценаларын юмормен жеткізетіндігімен ерекшеленеді.
«Мен видеодүкенде жұмыс істеген кезімде бір нәрсе ерекше есімде қалып қойыпты. Дүкенге келген балаларға ата-аналары «бір көрген фильмді қайта-қайта ала берме» деп ұрсатын. Бірақ мен олармен келіспеймін. Егер фильм шын мәнінде жақсы болса, оны қанша көрсең де жалықтырмауы тиіс. Менің санамда сол балалардың психологиясы сақталып қалыпты»
Үздік туындыларын мына сілтемеден көре аласыз
Гай Ричи
Британдық кинорежиссер, сценарист, кинопродюсер. Кино саласына келместен бұрын жарнама мен әншілерге бейнебаян түсірумен айналысқан.
Гай Ричи бразилиялық джиу-джитсудан қоңыр белбеу және дзюдодан қара белбеу иегері. Ол 1998 жылы өзінің алғашқы «Lock, Stock and Two Smoking Barrels» фильмінің арқасында атақты болды. Бұл фильм әлем бойынша қызу талқыланды.
Гай Ричи әлемге әйгілі әнші Мадоннамен отбасылы болған.
Үздік туындыларын мына сілтемеден көре аласыз
Алмас САУДАНБАЙ