Қазіргі таңда шетел компаниялары Қазақстанға көше бастады - Президент

1 Қыркүйек 2022, 11:20 1417

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жариялап жатыр, деп хабарлайды El.kz

«Үкіметке индустрия және жер қойнауын игеру салаларының инвестициялық тартымдылығын арттыруды тапсырамын. Былтыр менің тапсырмам бойынша барлық арнайы экономикалық аймақтың тиімділігі бағаланды. Соның нәтижесінде түйткілді тұстарды анықтап, тың тәсілдерді ойластырдық. Енді арнайы экономикалық аймақтарды дамыту үшін мүлде басқа саясатқа көшкен жөн. Қазіргі таңда шетел компаниялары Қазақстанға көше бастады. Сондықтан, бұл мәселе тіпті өзекті болып отыр», - деді Мемлекет басшысы.

Бөлісу: