Азиада: қазақстандық керлингшілер жүлдеге бір қадам жетпей қалды

14 Ақпан, 13:11 645

Қазақстандық керлингшілер 2025 жылғы Азия ойындарындағы жүлдеге бір қадам жетпей қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында керлингтен төртінші орынға ие болды.

Үшінші орын үшін өткен матчта біздің команда Жапониямен кездесті. Нәтижесінде Жапония құрамасы 3:6 есебімен жеңіске жетті.

Ал Қытай мен Оңтүстік Корея алтын медаль үшін таласатын болады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: