Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы 2025 жылғы Азия ойындарының топтық кезеңінде үшінші матчын өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жарыс Қытайдың Харбин қаласында өтуде.
Ұлттық құрама кезекті жеңісіне қол жеткізіп, Тайбэй командасын ірі есеппен ұтты.
Қазақстандық хоккейшілер ойын барысында 17 гол соғып, қарсыластарына өз қақпасына шайба салуға мүмкіндік бермеді.
Олег Болякин бастаған жігіттер 2025 жылғы Азия ойындарында жеңіліссіз өнер көрсетуін жалғастыруда.