Азиадада биатлоннан Қазақстанның әйелдер құрамасы эстафетада үздік үштікте, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына тағы бір қола медаль түсті. Биатлоннан әйелдер арасындағы эстафетада (4×6 км) Ұлттық құрама мәреге үшінші жетті.
Жарыс жолына шыққан Ольга Полторанина, Арина Крюкова, Дарья Климина мен Елизавета Белецкая төрттігі Қытай (алтын) мен Оңтүстік Корея спортшыларынан қалып кетті.