Азиада: Қазақстан хоккейшілері плей-оффке бірінші орынмен шықты

Кеше, 11:36 399

Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы плей-офф кезеңіне бірінші орынмен шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҰОК мәліметінше, Қазақстан ерлер құрамасы 2025 жылғы Азия ойындарының топтық кезеңінде соңғы матчын өткізді.

Қазақстан құрамасы соңғы ойында Оңтүстік Кореямен кездесті. Қарсыластар бірінші кезеңде есеп ашты.

Тартысқа толы матчта отандастарымыз 2:1 есебімен басым түсті. Үшінші кезеңнің соңғы минуттарында Роман Старченко жеңіс шайбасын соқты.

Осылайша Қазақстан ерлер құрамасы топтық кезеңнен бірде-бір жеңіліссіз плей-офф кезеңіне шықты.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: