Азиада. Екі қазақстандық спортшы қола жүлдені иеленді

4 Қазан 2023, 21:13 737

Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық балуан Азат Садықов пен боксшы Наталья Богданова қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Азат Садықов 77 келіге дейінгі салмақта күреспей-ақ жүлдегерлер қатарына ілікті.

Оның қарсыласы, камбоджалық Кео Сопхак жарақатына байланысты кілемге шыққан жоқ.

Тағы бір қазақстандық Мақсат Сайлау 87 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін бәсекеде жапониялық Масато Сумимен күресіп, қарсыласына еш амал қыла алмады – 1:9.

Осылайша, байрақты бәсекені бастаған қазақстандық балуандар алғашқы күні бір күміс, бір қола жүлдеге қол жеткізді. Ертең грек-рим күресінен екі салмақта жеңімпаз-жүлдегерлер анықталады. 

Берік Арманов
Бөлісу: