Азиада-2025: қазақстандық хоккейші қыздар Тайбэйді жеңді

Бүгiн, 02:19 174

Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарының топтық кезеңіндегі кезекті матчында жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық құрама Тайбэй командасын ірі есеппен ұтты. Қазақстандық спортшылар қарсылас қақпасына бес шайба соғып, өз қақпасына тек бір ғана шайба жіберді.

Бұл жеңіс Қазақстан үшін үш ойындағы үшінші жеңіс болды. 9 ақпанда ұлттық құрама Оңтүстік Кореямен кездеседі.

Асқар Таудай
Бөлісу: