Ел арасында ажырасып кетті деп жүрген, хитмен әнші Қайрат Нұртас жақында отбасына оралатынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол Instagram парақшасында отбасына өлең шумақтарын жолдап, өз махаббатын білдірді. Алдымен бала-шағасына, сосын әйелі Жұлдыз Әбдукәрімоваға да үндеу тастады. Әнші әйеліне жақында келетінін айтты.
Отбасым ол - асқары арманымның, Әрбір атқан арайы таңдарымның. Ұл-қыз үшін - әкелік талпынысым. Жігерімді арнасам жанұяма, Жыр-әнімді арнадым халқым үшін! Жаратқанға мың алғыс әр күн үшін! Жұлдыз, жақында келемін, - деп жазды Қайрат Нұртас.
Жақында ол әйелінен ән арқылы кешірім сұраған болатын.