Әзербайжанның Бейлаган ауданында қайғылы оқиға орын алды, бес жасар Дениз Таирли қант диабетіне қарсы дәріден уланып, көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Марқұмның туыстарының айтуынша, бала түнгі уақытта қараусыз қалып, дәріні ішіп қойған.
15-20 минуттан кейін отбасындағы кіші бала әпкесінің дәрі ішіп қойғанын байқайды. Ата-анасы дереу жедел жәрдем шақырып, Денизді Бейлаган орталық аудандық ауруханасына жеткізді. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады, – деді туыстары.
Аталған қайғылы оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтауда.
Бейлаган ауданындағы бұл қайғылы жағдай ата-аналарға балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын тағы да еске салады. Дәріден улану секілді жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажет.