Ажар Ғиният еліміздегі әйелдердің аурушаңдығының негізгі себептерін атады

7 Наурыз 2023, 11:52 1376
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Әйел денсаулығының жақсы болуы ұлт саулығы, ұрпақ амандығы мемлекеттің баянды жарқын болашағы. Қазақстан Республикасында 10 млн-нан астам әйел, 4 млн-нан астам бала туу жасындағы азаматшалар және 18 жасқа дейінгі 3 млн-нан астам қыз бала тұрады. Еліміздің Денсаулық сақтау жүйесінде аурулардың профилактикасы мен оларды ерте анықтауға бағытталған іс-шаралар негізі басым бағыт болып табылады» деді ол.

Министр халықтың арасында артериалдық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, глаукома және вирустық гепатит сияқты кең таралған ауруларды әйелдердегі обыр ауруларын анықтау мен диагностикалау скринингтері жүргізілетіндігін айтты.

«Инфекциялық емес аурулар бүкіл әлемде әйелдердің өлім-жітімінің негізгі себептері болып табылады. Еліміз бойынша ауырушаңдық бір жылда былтыр 4 %-ға өсті. Елімізде әйелдердің аурушаңдығының негізгі себептері: бірінші орынды тыныс алу органдарының аурулары, екінші орынды несеп-жыныс аурулары, ал үшінші орынды қан айналым жүйесі аурулары құрайды» деді Денсаулық сақтау министрі.
 
 
Акжан Ибрагимова
Бөлісу: