Ажар Ғиният баспалдақтан құлап кеткен баланың жағдайы туралы айтты

26 Қыркүйек 2023, 12:16 675

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Астанадағы баспалдақтан құлап кеткен баланың жағдайына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет отырысынан кейінгі брифингте журналистер денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттан «Астанадағы №14 мектеп оқушысы баспалдақтан құлап кеткен кезде, жедел жәрдем қызметкерлері неліктен мектепке жарты сағаттан кейін жетті?» деп сұрақ қойды.

Жедел жәрдем станциясына күніне 10 мың қоңырау келіп түседі. Жедел жәрдем қызметінің жеделдігін жедел жәрдем станцияларының диспетчерлері категорияларға қарай жібереді. Станцияға қоңырау келіп түскен кезде бала есін жоғалтпаған деп айтылды, сол себепті жедел жәрдем қызметі жарты сағатта келген. Тексеру нәтижесінен кейін балаға бас сүйек-ми жарақаты диагнозы қойылды. Бүгінгі таңда баланың жағдайы қалыпты және мамандандырылған бөлімде жатыр. Кеше дәрігерлердің конселиумінен кейін бала тез арадағы емдеу шараларына мұқтаж емес. Бала дәрігерлердің бақылауында, - деп жауап берді министр.

Еске сала кетейік, желіде Астанадағы №14 мектеп оқушысының баспалдақтан құлап кеткен видеосы тараған болатын.

Миражан Махан
Бөлісу: