Әзербайжаннан қылмыстық топтың басшысы экстрадицияланды

11 Сәуір, 09:55 796

Қазақстанға Әзербайжаннан қылмыстық топ басшысы экстрацияланды. Бұл туралы Бас прокуратураға сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақпаратқа сәйкес, 2016-2018 жылдары аралығында күдікті Қазақстанға халық тұтынатын тауарларды контрабандалық жолмен әкелумен айналысқан, сондай-ақ кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтарған қылмыстық топты тікелей басқарды. Осы қызметтің нәтижесінде мемлекетке 4 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген.

Қылмыс жасағаннан кейін ол тергеуден жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланды. Кейін күдікті Әзербайжан аумағында ұсталды. Әзербайжан Республикасының Бас прокуратурасымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының оны ұстап беру туралы сұрау салуы қанағаттандырылды, - делінген мәліметте.

Қазіргі уақытта ол Ақтау қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: