Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев ресми сапармен келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
Ильхам Әлиевті премьер-министр Әлихан Смайылов күтіп алды.
Астанада екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда кездесу өткізеді деп жоспарланған. Келіссөздер барысында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың негізгі мәселелері талқыланады, - делінген хабарламада.