Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбіт келісім бойынша келіссөздердің аяқталуына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан Республикасы Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі мен Армения Сыртқы істер министрлігінің Әзербайжан Республикасы мен Армения Республикасы арасында Бейбітшілік және мемлекетаралық қатынастар орнату туралы келісім жобасының мәтіні бойынша келіссөздерді аяқтау жөнінде мәлімдемелерін құптайды.
Қол жеткізілген уағдаластықтар мен осы тарихи құжатқа қол қою Әзербайжан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы қатынастарды қалыпқа келтіру, сондай-ақ бүкіл Оңтүстік Кавказ өңірінің тұрақтылығын, қауіпсіздігін және өркендеуін қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам болатынына сенім білдіреміз, - делінген мәліметте.
СІМ Қазақстанның берік және ұзақ мерзімді бейбітшілік орнату мақсатында екі ел арасындағы конструктивті диалогты жалғастыруға бағытталған күш-жігерге өзінің табанды қолдауын тағы да растайтынын алға тартты.