Мәдениет және ақпарат министрлігі азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, аталған жұмыстың мақсаты – мемлекет пен азаматтық сектор арасында берік қоғамдық келісім орнату.
Бұл жұмысқа сарапшылар мен ҮЕҰ өкілдері қатысады. Олар тұжырымдаманың бірінші кезеңінде жасалған жұмысты талдап, халықаралық тәжірибені сараптайды және әлеуметтік зерттеулер жүргізеді, - делінген мәліметте.
ҚР МАМ осы жылдың тамызынан бастап, азаматтық сектордың негізгі сегменттері бойынша зерттеулер ұйымдастырады.
Қыркүйек және қазан аралығында ел өңірлерінде жария талқылаулар ұйымдастыру жоспарланған.
Сондай-ақ Қазақстандық қоғамдық даму институты сарапшылар мен ҮЕҰ өкілдерімен сұхбат жүргізіп, жаппай сауалнама жасалады.
Азаматтық қоғамды дамыту бойынша барлық ұсыныстар 2024 жылғы қазан айының соңына дейін төмендегі электронды мекенжай бойынша қабылданады: a.kushkimbaev@mki.gov.kz, a.alzhaparova@kipd.kz