Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның отырысы өтті

30 Қараша 2022, 15:39 998

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Президент жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Отырыста азаматтық туралы бірқатар мәселе қаралды. Сонымен қатар, Комиссия қызметінің негізгі бағыттары бойынша тиісті мемлекеттік органдар атқарған жұмыстар жайындағы лауазымды тұлғалардың есебі тыңдалды.

Комиссия соңында тиісті шешімдер қабылданып, нақты ұсынымдар берілді.

EL.KZ
Бөлісу: