«Азаматтарға арналған үкіметтің» филиал басшысы ұсталды

4 Тамыз 2023, 14:00 904

4 тамыз күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес ұйымының жергілікті бөлімшесі бастықтарының бірін ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол Қазақстанның аса маңызды ақпараттық инфрақұрылымына жататын деректер базасындағы жер учаскелеріне қатысты мәліметтерді өзімшілдік ниетпен заңсыз өзгертті деген күдікке ілінді.

Оқи отырыңыз:

ҚР Қылмыстық кодексінің 206-бабының 3-бөлігімен (ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру) қарастырылған қылмыстық заң бұзушылық белгілері бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде, - делінген ҰҚК таратқан мәліметте.

Көкшетау қаласының соты күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процесстік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: