Аза тұту күніне байланысты еліміздің бас байрағы төмен түсірілді

12 Маусым 2023, 08:18 1072

Елордадағы бас мемлекеттік ту Жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты төмен түсірілді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

ҚР заңына сәйкес 12 маусым күні сағат 00:00-ден бастап барлық мемлекеттік және әкімшілік ғимараттардағы тулар ту бағанының биіктігінің жартысына дейін түсірілуі қажет. Сондай-ақ бүкіл ел бойынша мәдени-бұқаралық іс-шаралар тоқтатылады.

Еліміздің ең үлкен туы Астананың орталығындағы «Атамекен» этно-мемориалдық кешені аумағында орналасқан.

Байрақтың көлемі – 450 шаршы метр. Салмағы 100 келіге жетеді. Ені – 15 метр. Ұзындығы – 30 метр.

Қазақстанның бас байрағы жай күндері 111 метр биіктікке дейін көтеріледі.

Перизат Саденова
Бөлісу: