Қазақстанның ұлттық ас үйіндегі пайдалы тағамдар

19 Наурыз 2018, 04:45 3243

 

Ұлттық тағамдар кез келген этнос мәдениетінің маңызды бөлігі болып табылады. Ол халықтың тарихын, оның салт-дәстүрлерін, тұрмыс салтының ерекшеліктерін танытады. Ғасырлар бойы адамдар тағамдарды әзірлеуге махаббат пен ниетін жұмсайтын, ол арқылы өз құрметін, қонақжайлылығы мен ұлттық көрінісін білдіретін.

Этностар туралы білімді кеңейту, ас әзірлеу икемдері мен дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ толыққанды тамақтану арқылы салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2018 жылғы 16 наурызда М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде  «Қазақстанның ұлттық ас үйіндегі пайдалы тағамдар» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өтті.

Іс-шараны ұйымдастырушылар Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы, «Қоғамдық келісім» КММ ынтымақтастығымен «Қазақстан халқы ассамблеясы» және «Химия және химиялық технология» кафедралары болды.

Семинар екі блокты қамтыды: тиімді және үйлестірілген тамақ бойынша ақпараттық экскурс және дәмін татумен ұлттық тағамдар әзірлеу бойынша шеберлік сыныбы.

Бірінші бөлім барысында «Қазақстан халқы ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі Л.А. Гривенная,  дәрігер-терапевт С.С. Сақтағанова, «Химия және химиялық технология» кафедрасының аға оқытушылары В.А. Рубе және Н.В. Остафейчук, сондай-ақ «Тұтынушылық азық-түлік технологиясы» мамандығының студенттері сөз сөйледі. Дәріскерлер  тиімді және үйлестірілген тамақтың пайдасы, сақтау тәсілдері, азық-түлік өнімдерін аспаздық өңдеу жайында баяндады, сондай-ақ қазақ, орыс, армян, поляк, шешен, неміс, әзірбайжан ұлттық тағамдарын ұсынды.

Сарапшы-кеңесшілер ретінде этномәдени бірлестіктердің өкілдері шақырылды. Дәл солар ұлттық тағамдардың ерекшеліктері жайында айтып, әзірлеу сырларымен бөлісті. Сонымен қатар облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері барлық қатысушыларға шешен, армян, неміс тағамдарын әзірлеу бойынша шеберлік сыныбын өткізді.

Ғылыми-әдістемелік семинар тағамдардың дәмін татумен және оны сараптамалық бағалаумен аяқталды.

 

 

Бөлісу: