Қазақстанның көптеген өңірінде 30 градустан жоғары ыстық болады

6 Қыркүйек 2022, 21:15 1062

Алматы және Қонаев қалаларында 35-37 градус қатты ыстық болады

Қазгидромет 7 қыркүйекте Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы нда түнде және таңертең найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігіне, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысының батысында, таулы аудандарында шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с соғады. Күндіз облыстың басым бөлігінде қатты ыстық 35-38 градусқа жтеді

Ақмола облысының түнде батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, облыстың солтүстік жартысында екпіні 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Абай облысының солтүстігінде, батысында жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с соғады. Күндіз облыстың басым бөлігінде қатты ыстық 35-38 градус сақталады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында түнде қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл соғады.

Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі, күндіз бұршақ, дауыл. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, облыстың оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауптілігі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, жылдамдығы түнде облысынын солтүстігінде, батысында 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с жетеді

Алматы және Қонаев қалаларында 35-37 градус қатты ыстық болады..

Бөлісу: