Қазақстанның жеңіл атлеттері АҚШ-та әлем чемпионатына қатысып жатыр

16 Шілде 2022, 19:55 1970

Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті мәлімдеді

АҚШ-та жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты басталды. ҚР Ұлттық олимпиада комитеті Қазақстан спортшыларының алғашқы нәтижесін ұсынды, – деп хабарлайды El.kz.

Әлемдік біріншілік аясында алғашқы күні 20 шақырымға (ерлер мен әйелдер) спорттық жүруден финал өтті. Галина Якушева-Кичигина дистанцияны 1:38:47 уақытта еңсеріп, 33-ші орынға орналасты. Ерлер жарысында Георгий Шейко 28-ші болып келді, уақыты – 1:26:40.

Бөлісу: