Қазақстаннан заңсыз ақша әкетпек болған шетелдік ұсталды

5 Шілде 2022, 23:39 1687

«Жайсаң» шекара пунктінде 304 мың АҚШ долларын заңсыз әкетпек болған шетелдік азамат ұсталды

Ақтөбе облысындағы «Жайсаң» шекара пунктінде 304 мың АҚШ долларын заңсыз әкетпек болған шетелдік азамат ұсталды, деп хабарлайды El.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– 27 маусымда Ақтөбе облысы бойынша Шекара қызметі департаменті «Жайсаң» (автомобиль) өткізу пунктінде тексеру іс-шараларын жүргізу кезінде ақшалай қаражатты шетелге заңсыз әкету әрекетін анықтады. 304 000 АҚШ долларын автомобильдің жүк салғышындағы қосалқы доңғалақтың астына жасыруға тырысқан шетелдік азамат ұсталды. Материалдар Экономикалық тергеу департаментіне берілді, - делінген Комитет ақпаратында.

Сонымен қатар, ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығатын азаматтарға ақша қаражатын әкету (он мың АҚШ долларынан астам) және оларды декларациялау кезінде заңнаманы сақтау қажеттілігі туралы ескертеді.

Бөлісу: