Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында әлемдегі үздік 20 теннисшінің қатарына кірді,– деп хабарлайды El.kz.
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жария еткен жаңартылған рейтингте жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 25-орнында қалды.
Юлия Путинцева 38-ден 39-ға, Зарина Дияс 241-ден 266-ға төмендеді.
Дүниежүзілік рейтингте бұрынғыша Польша өкілі Ига Свентек көш бастаса, эстониялық Анетт Контавейт екінші, грекиялық Мария Саккари үшінші орында келеді.
Жұптық сында Анна Данилина 21-ден 20-сатыға көтерілсе, Елена Рыбакина 91-ден 108-орынға сырғыды.
Ю.Путинцева бүгін Кливленд (АҚШ) WTA 250 турнирінде алғашқы кездесуін рейтингте 67-сатыдағы поляк қызы Магда Линетпен өткізеді.