13 Шілде 2016, 11:45
Бүгіннен бастап «25 жыл: Бір Ел. Бір Тағдыр» патриоттық интернет-акциясы аясында барлық әлеуметтік желінің пайдаланушылары аватар суреттерін Астана күніне орай мерекелік нақыштағы логотиппен безендіре алады.
Әлеуметтік желіні пайдаланушылар 25.el.kz. сервисі арқылы аватарларын Астананың туған күніне орай жасалған мерекелік логотиптермен көркемдеуіне болады. Ол үшін сервисімізге қосымша тақырыптық логотиптер жинақталған батырма қосылды. Әрбір пайдаланушы аватарын қалауына қарай сәндей алады.
Сонымен қатар көптеген қолданушылар өз қиялынан туған мерекелік символдарды ойлап тауып, редакцияға жіберуіне болады. Осыған орай сервисімізге «Өз нақышыңды ұсын» атты жаңа функция қосылды.
Бүгінгі таңда 25.el.kz сервисi арқылы 117 мыңнан астам ғаламтор пайдаланушылары өз аватарларын патриоттық нақышта безендірді.
«25 жыл: Бір Ел. Бір Тағдыр.» патриоттық интернет-акциясының географиялық ауқымы күн өткен сайын кеңеюде. Осыған дейін Тәуелсіздік күні сондай-ақ наурыз мерекесіне орайластырып жасалған логотиптерді АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Нидерланды, Ресей, Қырғызстан елдеріндегі қандастарымыз да пайдаланып, әлеуметтік желілердегі аватарларын безендірген болатын.
25.el.kz. сайтында 16 түрлі негізгі патриоттық нақыштағы логотип ұсынылған. Ал, қала күні қарсаңында сервисімізге ұлыс күніне орайластырылған тағы 12 жаңа логотип қосылып отыр. Кез келген адам солардың арасынан өзіне ұнағанын таңдап, суретін көркемдей алады.
Акция 2016 жылдың 16 желтоқсанына дейін жалғасатынын еске сала кетейік. Әлеуметтік желілердегі суретіңізді Қазақстанда тұңғыш рет жасалған бірегей жоба 25.el.kz. әлеуметтік сервисі арқылы безендіре аласыз.
Айша КЕРЕЙ