Қазақстандық жұлдыздар демалысын қайда өткізіп жатыр?

3 Тамыз 2022, 18:56 2629

El.kz ақпараттық порталы қазақстандық жұлдыздардың демалыс орындарын анықтады.

Мақалада жарияланған суреттер өнер иелерінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшаларынан алынды.

Жания Джуринская Түркияға жанұясымен бірге 2 аптаға демалысқа ұшып кетті. Қызы жақында ғана қырқынан шыққанына қарамастан алғаш рет отбасымен бірге саяхатқа аттануға асыққан көрінеді. Актриса көпшілікке баламен жолға шыққанда өзімен бірге қандай заттарды алу керектігі жайлы кеңесін берді.


Төреғали Төрәлі отбасымен бірге Түркия елінің Алания қаласында демаласын өткізіп жатыр. Әнші өз парақшасына жарымен бірге түскен түрлі фото мен видео жариялаған. Өнер иесінің жұбайымен қол ұстасып, қаланың әсем жерлерін аралап жүргені халықты сүйсіндірмей қоймады.


  

Айбек Сейітов (Бүркіт) отбасымен Әулие бұлаққа барып қайтты. Демалыс уақытындағы әлеуметтік желіге салған бейнежазбасынан балаларымен бірге көңіл көтеріп, суға шомылап қайтқанын көруге болады.


   

Халықтың сүйікті әншісі Алтынай Жорабаева Түркия мемлекетінің Алания қаласында демалуда. Елдің көрікті жерлерін көрсетіп қана қоймай, оқырмандарына Аланияға саяхатқа шығуға көмек беретін ірі, сенімді компанияны ұсынды. Эстрада жұлдызы ертең, 4 тамыз күні елге қайтуды жоспарлап отыр.



Индира Еділбаева. Жұлдыздардың басым көпшілігі Түркия мемлекетіне саяхаттап жатса, әнші әрі актриса Индира Еділбаева Италияға барып таңғалдырды. Бұл туралы ол өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

 

Қазақстандық әнші  Гүлнұр Оразымбетова болса, отбасымен бірге Дубайда демалып жатыр. Алайда ол оқырмандарына осы жолы саяхаттауға ұлы Сырымның жұмыстан қолы босамай, келе алмай қалғандығын айтып жеткізді. Демалыс уақытынан парақшасына түрлі фото мен видеоларды жариялап, көпшілікпен бөлісуде.

    

Нұртас Айдарбеков жары Гүлзира Айдарбековамен Біріккен Араб Әмірліктерінде демалысын өткізуде. Әншінің жұбайымен бірге түскен суреттері ел арасында қызу талқыға түсті. Оқырмандардың кейбіреуі сүйсіне қараса, кейбіреуі суреттері тым ерсі көрінеді деп пікірлерін білдірді.

  

                                                  

Белгілі тележүргізуші Диана Скатова Мальдив аралдарында демалып жатыр. Халық сүйіктісі оқырмандарына демалып қайтуы үшін тур пакеті жайлы толыққанды ақпарат беріп, Мальдивыға саяхаттауға кеңес берді.

  

Әнші Дариға Нүркеева күйеуі вайнер Дархан Жолшыбековпен Черногорияда демалып жатыр. Өздерін «Daricorn» деген жазумен күтіп алған азаметпен бірге видеосын жариялап, «Звездасын гой короче» деп әзілдесті.



Ажар Лаубаева
Бөлісу: