11 Наурыз 2016, 09:40
12 қазақстандық боксшы мен жаттықтырушылар делегациясы АҚШ Мемлекеттік департаментінің демеушілігімен 12-26 наурыз аралығында АҚШ-қа сапар шекпек. Басты мақсат — бокс бағдарламаларыме
Қатысушылар Вашингтон, Колумбия аймағы; Роквилл, Мэрилэнд; Нью-Йорк қаласы және Луисвилл, Кентуккидегі қауымдастықтарды
Арнайы боксшы қыздарға Вашингтон, Колумбия аймағында және Роквилл қаласы, Мэрилэнд штатында делегация қоғамдық спорт орталығына және «Sugar Ray Leonard» жаттығу орталығына барып қайтады. Нью-Йорк қаласында делегация АҚШ әйелдер бокс командасымен кездеседі.
Бағдарлама туралы елші Джордж Крол: «Қазақстандағы АҚШ уәкілдігі спортты дамытудың жастар үшін маңыздылығын мойындайды. Біз ерекше бокс дәстүрімен танымал Қазақстан Республикасының делегациясы АҚШ боксшылар мен жаттықтырушыларм
«Бұл бағдарламаға қатысқанымызға қуаныштымыз және АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Мохаммед Әли орталығына біздің жас боксшыларымызға АҚШ-тағы жас спортшылармен кездесіп, олардың спорт дәстүрлерімен және мәдениетімен танысуға берілген мүмкіндік үшін үлкен алғыс айтамыз, » - деп атап өтті Қазақстандық бокс федерациясының атқарушы директоры Бекжан Бектенов. «Менің ойымша, әр жас боксшының арманы – атақты Мұхаммед Әлидің туған жерінде болып, ұлы спортшының рухы сіңген орталықты көру. Бұл бағдарлама ұзақ әрі пайдалы бірлестіктің, Қазақстан мен АҚШ боксшыларының жақын достастығының бастамасы болатынынына сенімдімін».
«Біз Қазақстан өкілдерін Мұхаммед Әлидің туған қаласында құшақ жая қарсы аламыз. Мұхамед Әлидің алты негізгі принципімен танысу үшін оларға берілген Мұхамед Әли орталығына келу мүмкіндігінің маңызы аса зор. Серіктестеріміз Қазақстандық бокс федерациясына, Алматы қаласындағы АҚШ Бас Консулдығына және осы делегациясының Луисвиллге келуіне көмек көрсеткен АҚШ Мемлекеттік департаментіне ризашылығымызды айтамыз,» - деді Мұхаммед Әли орталығының Президенті әрі Бас атқарушы директоры Дональд Лассер.
«Аталмыш бағдарлама АҚШ дипломатиялық уәкілдігінің АҚШ-Қазақстан қатынастарының 25 жылдық мерейтойын атап өту үшін Қазақстанда өткізетін жылдық науқанының бір бөлігі болып табылады», - деп хабарлады АҚШ-тың ҚР-дағы Елшілігі.
Рустем ӘЛПИ