Қазақстандық БАҚ-тардың «Expo-2017» көрмесіне даярлығы

3 Қараша 2014, 05:43

Қазақстандық БАҚ-тардың «Expo-2017» көрмесіне даярлығы

«Media Expo-2014» бұқаралық ақпарат құралдарының III республикалық көрмесінің аясында «Ой қуаты: қазіргі отандық БАҚ-тағы жаңа технологиялар» тақырыбында сессия ұйымдастырылды. Сессиянының модераторы белгілі журналист Дана Рысмухамедова болды. Оған қатысушы ретінде «Қазконтент» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нартай Әшім, «Қазақтелеком» АҚ Басқарушы директоры Кеңес Шаңгереев, «Қазтелерадио» АҚ Басқарушы директоры Дальмира Шигаева шақырылды.

Алғашқы болып «Казконтент» АҚ Басқарма төрағасының орынбасарына сөз берілді.

Нартай Әшім, «Казконтент» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары:

- «Қазконтент» акционерлік қоғамы жүз пайыз мемлекеттік компания болып табылады. Салыстырмалы түрде жас болып саналатын компания еліміздегі ақпараттық кеңістіктің белсенді бөлігі ретінде стратегиялық маңызды жобаларды жүзеге асырып жатыр. Ашып айтқанда, төрт ақпараттық агенттік, және төрт тақырыптық... Тақырыптық жобалар туралы айтар болсақ: әдебиет сүйер қауымның бірегей коммуникациялық платформасына айналған «Әдебиет порталы», ұлттық тарих пен мәдениетті интернет арқылы көпшілікке таратуды көздеп отырған e-history.kz веб-порталы, ұлттық бейнеконтенттің сапасын арттыру мақсатында құрылған kaztube.kz бейне-порталы және қазақ тілінің мәртебесін арттырып, қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысының ерекшеліктерінен хабар беретін el.kz әлеуметтік желісі. Бүгінгі таңда Казконтенттің жобалары мультимедиялы принципке және бүгінгі таңда өзекті болып саналатын «жасыл контентке» негізделген. Бұл жердегі «жасыл контент», яғни жылдар өткенімен материал өзектілігі тұрғысынан маңызын сақтап қалатын, әрі келешекте қажет болатын контенттер...

Сондай-ақ, «Media Expo-2014» бұқаралық ақпарат құралдарының III республикалық көрмесінде ең үздік жобалар мен жаңа телевизиялық маусымның өнімдері таныстырылды. «Евразия» бірінші арнасы 2015 жылы Қазақстаның дарынды жастарын анықтайтын конкурс, әйелдерге арналған қазақ тіліндегі танымдық бағдарлама, балалар туралы қазақ тіліндегі бағдарлама және әлеуметтік мәселелерді қозғайтын бағдарламаларды көрермен назарына ұсынатын болады. Ал, «Жетінші арна» күзгі маусымнан бастап медиа нарыққа 7 бірегей жаңа бағдарлама  шығаратын болды. Биыл құрылғанына бес жыл толатын «Жетінші арнаның» жаңалықтары туралы осы арнаның PR бөлімінің басшысы Әсел Оразбаева және PR  менеджері Әйгерім Шорманова әңгімелейді.

Әсел Оразбаева:

- Биылғы «Media Expo» көрмесіне үшінші рет қатысып отырмыз. Бұл жерде бұқаралық ақпарат құралдары жыл сайын бас қосып, жетістіктерімен бөліседі. Шараның негізгі мақсаты отандық ақпарат құралдарының бір-бірімен танысып, тәжірибесімен бөлісуге жағдай жасау. Осы маусымда «Жетінші арна» өз көрермендеріне жаңа бағдарламалар ұсынып отыр. Сонымен қатар, арнаның логотипі мен безендіруі толық өзгертілді. Қазақ тіліндегі жобалардың саны көбейді.

Әйгерім Шорманова:

- Біздің арнаға бар болғаны бес жыл толып отыр. Біз үнемі өзімізді іздеуде болдық. «Не себепті биылғы маусымда өз бағытымызды өзгерттік» деген сауалға жауап берейін. Біз әрдайым өз көрермендерімізді таңқалдырып жүреміз. Әрбір маусым сайын жаңа жобаларды шығарып тұрамыз. Осы жылы бір позицияда тұрақтауды жөн көрдік. «Жетінші арнаның» ендігі ұстанымы – «Барлығы сен үшін». Ал, маусымдық өзгертулер әрине болып тұрады. Біз әрбір өзгертулер сайын сапа деңгейін көтеріп отырамыз. 

Барлық суреттерді көру үшін мына сілтемемен жүріңіз. 

Бөлісу: