Қазақстанда тұрмыстық техника күрт қымбаттады

28 Маусым 2022, 22:29 2680

Осы жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша елімізде тұрмыстық техника бағасы бір жылда 18,1%-ға өскен.

Қазақстанда тұрмыстық техника 18 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды El.kz Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандықтардың үй шаруашылығы 100 пайыз ас үй плитасы, 99,7 пайыз тоңазытқыш, 96,1 пайыз кір жуғыш машинасы, 94,1 пайыз шаңсорғыш, 79,1 пайыз қысқа толқынды пешпен қамтылған.

Осы жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша елімізде тұрмыстық техника бағасы бір жылда 18,1%-ға өскен. Бағаның көтерілуі Алматы облысынан байқалады. Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында да 20 пайызға дейін көтірілген. Оның ішінде тоңазытқыш пен мұздатқыш жылына 15,8%- ға, ас үй плиталары 17,2%- ға, кір жуғыш және ыдыс жуатын машиналар 22% -ға, шаңсорғыш 25,1%-ға қымбаттаған.

Айта кетейік, еліміздегі тұрмыстық құралдардың басым көпшілігі импорттық. Осы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша елімізде барлығы 322 тұрмыстық тоңазытқыш пен мұздатқыш өндірілді. Сонымен қатар сектордағы импорт 144,9 мың бұйымды құрады. Сонымен қатар бірінші тоқсанда Қазақстанда мүлдем өндірілмейтін 150,8 мың кір жуатын машина мен кір кептіретін машина, 89,1 мың тұрмыстық шаңсорғыш, 181,9 мың миксер, ұсақтағыш пен шырын сыққыш және т.б. әкелінді.

Бөлісу: