Қазақстанда коронавирусқа қарсы екпе салдырғандар қатары көбейді

6 Шілде 2022, 11:12 1256

Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоааралық комиссиясы мәлімдеді

5 шілдеде Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның І компонентін 9 528 076, ал ІІ компонентін 9 312 498 адам салдырды, – деп хабарлайды El.kz порталы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоааралық комиссияға сілтеме жасап.

Соның ішінде, «Pfizer» вакцинасының I дозасын – 1 225 370, ІІ дозасын – 1 156 011 адам салдырды. І компонентімен 867 728 жасөспірім, 41 224 жүкті әйел және 144 896 бала емізетін ана егілді. Ал, ІІ компонентін 842 295 жасөспірім, 38 474 жүкті әйел және 138 413 бала емізетін ана салдырды.

Бөлісу: