Қазақстанда күнбағыс майы 20% қымбаттады

24 Маусым 2022, 16:20 2944

Биыл 197,3 мың тонна күнбағыс майы өндірілген

Қазақстан күнбағыс майын экспорттаушы ел болғанына қарамастан, оның бағасы бір жылда 20% қымбаттаған, деп хабарлайды El.kz Еnergyprom.kz-ке сілтеме жасап.

2022 жылдың қаңтар-мамар аралығында 197,3 мың тонна күнбағыс майы өндірілген. Бұл былтырғыдан 29,6% көп. Ал тазартылмаған күнбағыс майыны өндірісі бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 61,3% артық болған. Ал тазартылған өнімнің өндірісі былтырғыдан 6,9% аз. 

«Тазартылмастан сатылатын күнбағыс майының 78%-ын Шығыс Қазақстан өңірі беріп тұр. Ал тазартылған күнбағыс майының 78%ын Шығыс Қазақстан облысы (28,7 мың тонна) мен Шымкент қаласы (22,6 мың тонна) берген. Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан аумағынан күнбағыс майын алып шығуға 31 тамызға дейін шектеу қойды. Сол арқылы сектордағы бағаны тұрақтандырып, тапшылықтың алдын алмақшы. Маусым-шілде айларында күнбағыс майын шығару квотасы 68 мың тонна болып бекітілді», - деп жазады Еnergyprom.kz.

Отандық өндірушілер 2022 жылдың ақпан-сәуір айларында күнбағысқа деген сұранысты 83,5% орындаған. Өндіріс көлемі былтырғыдан 16,9% артық. Өндірілген 149,1 мың тонна майдың 66,3 мың тоннасы сыртқа сатылған. Бұл былтырғыдан 71,3% көп. 

Ал ішкі нарықта күнбағыс майының сатылымы 0,6% ғана артқан. 

Бөлісу: