Қазақстанда автогаздың шекті бағасы белгіленеді

7 Шілде 2022, 17:21 1407

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бұйрығы жарияланды

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғариннің «Қазақстан аумағындағы автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу туралы» бұйрығы жарияланды, деп хабарлайды El.kz

«Қазақстан аумағындағы автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеу енгізілсін. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан аумағындағы автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге шекті бағалар белгіленсін», делінген Құжатта:

Бұйрық 2022 жылғы 6 шілдеден бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.


Бөлісу: